Веб-сервер

Kaspersky Security Center Web Server (бұдан әрі – Веб-сервер) – бұл Басқару серверінің құрамында орнатылатын Kaspersky Security Center құрамдасы. Веб-сервер жеке орнату пакеттерін, iOS MDM профильдерін, сондай-ақ ортақ қатынасы бар қалтадағы файлдарды желі арқылы беруге арналған.

Жасау кезінде, жеке орнату пакеті Веб-серверде автоматты түрде жарияланады. Автономды пакетті жүктеу сілтемесі, жасалған автономды орнату пакеттерінің тізімінде көрсетіледі. Қажет болса, автономды пакетті жариялауды болдырмауға немесе оны Веб-серверде қайта жариялауға болады.

Жасаған кезде, пайдаланушының ұялы құрылғысына арналған iOS MDM профилі Веб-серверде дәл солай автоматты түрде жарияланады. Жарияланған профиль пайдаланушының ұялы құрылғысына сәтті орнатылғаннан кейін, Веб-серверден автоматты түрде жойылады.

Ортақ қатынасы бар қалта, құрылғылары Басқару сервері басқаратын барлық пайдаланушыларға қолжетімді ақпаратты орналастыру үшін пайдаланылады. Егер пайдаланушының ортақ қатынасы бар қалтаға тікелей қатынасу мүмкіндігі болмаса, оған Веб-сервер арқылы сол қалтадан ақпарат жіберуге болады.

Пайдаланушыларға Веб-сервер арқылы ортақ қатынасы бар қалтадан ақпарат беру үшін әкімші ортақ қатынасы бар қалтада салынған public қалтасын жасап, оған ақпаратты орналастыруы керек.

Пайдаланушыға ақпарат беру үшін сілтеме синтаксисі келесідей:

https://<Веб-сервер атауы>:<HTTPS порты>/public/<нысан>

мұндағы

Әкімші қалыптастырылған сілтемені пайдаланушыға кез келген ыңғайлы тәсілмен, мысалы, электрондық пошта арқылы жібере алады.

Алынған сілтеме бойынша пайдаланушы өзіне арналған ақпаратты жергілікті құрылғыға жүктей алады.

Басына оралу